Басты бетке

КТЖ-ның екі еншілес компаниясы сатылды Күні: 1 қазан 2015
Нысандарды сатудан түскен табыстың жалпы сомасы 852,3 миллион теңгені құрады


«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның екі еншілес компаниясы - «Біржан-Атырау» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесін және «Каскор-Транссервис» АҚ-ндағы 13,4% акциялар пакетін жүзеге асыру бойынша сауда аяқталды.

Сатылған активтердің жиынтық құны 852,3 млн теңгені құрады. Оның ішінде, 276,2 млн теңге «Біржан-Атырау» ЖШС сату және 576 млн теңге «Каскор-Транссервис» АҚ-ның акциялар пакетін жүзеге асыру бойынша жасалған келісімшарттардан түсті. Қазіргі таңда сату-сатыл алу келісімшарттарына қол қою жұмыстары жүргізілуде.  


Аталған екі компания да басты мақсаты нарық пен бизнеске мемлекеттің қатысуын қысқарту болып табылатын Жекешелендірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында саудаға қойылған болатын. Бүгінде Қордың Компаниялар тобы тарапынан сатылған активтердің жалпы саны, «KEGOC» АҚ-ның «Халықтық ІРО»-ға шығарылуын қоса алған, 36-ға жетіп отыр. Ал нысандарды сатудан түскен жалпы кіріс 58,2 млрд теңгені құрады. 



Әлеуметтік желілерде бөлісу